Ең бойшаң адам Жамбыл облысы Шу ауданында тұрады
Бегали Фазлиевтың бойы 2 метр 8 см болса, аяқкиімінің өлшемі 48 сантиметр. Оның інісі де сұңғақ бойлы, ағасынан 2 сантиметр ғана кіші. Әкесі де бойшаң азамат. Сондықтан ауыл халқы бұл жанұяны «алыптар» отбасы деп атап кеткен. Қырғызстандағы спорт академиясында оқыған Бегали студенттік кезде біраз жетістікке жеткен. 32 жастағы азамат қазір өзі туған Қонаев ауылындағы спорт мектебінде жұмыс істейді.
Бегали Фазлиев, Шу ауданының тұрғыны:
-8-9 сыныптан бастап ең бойлы мен болдым ғой. Сол мектепті бітіргеннен кейін Қырғызстанға баскетболдан спорт академияға түстім. Оқыдым, сборный Қырғызстанда ойнадық. Оқуды бітіргеннен кейін қазір үйге қайттым. 3 группа балаларым бар. Әр группада 18-20 баладан 60 бала бар. Соларды жаттықтырамын.