Хабар телеарнасы

Перизат Қайратқа қатысты тергеу наурызда аяқталады

Қайырымдылық мақсатқа жиналған қаржы жымқырды деген күдікке ілінген Перизат Қайратқа қатысты тергеу наурызда аяқталады. Сосын іс сотқа жолданбақ. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. Ол аты шулы іске қатысты тың деректермен бөлісті. Анықталғандай, Перизат Қайрат мүгедек балаларды қолдау үшін де қомақты қаржы жинап, өз қажеттілігіне жұмсаған көрінеді. Естеріңізге сала кетсек, ол бұған дейін су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген еді. Кейін өзге де заңсыз әрекеттері белгілі болды. Ал құқыққорғау органдары оның қымбат үйі мен пәтерлер, көліктер алғанын жария етті. Қазір оның анасына қатысты да қылмыстық іс қозғалған.

 Жеңіс Елемесов, Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары :

-Біздің өндірісімізде 3 эпизод бар. Біріншіден Палистинаға жинаған ақшасы бар, тасқынға жинаған ақшасы бар, одан бөлек жақында қылмыстық іс қозғадық. Реабилитациоанный орталыққа кішкентай инвалид балаларға арнайы ақша жинаймын деп 22 млн теңгедей тағы да жинап, оны жаңағы өзінің пайдасына жаратқан. Жақын арада ол қылмыстық істі бітіруге дайындалып отырмыз. Содан кейін әрі қарай сотқа жібереміз.