Теректібұлақ ауылынан ет өнімдерін шығаруға шектеу қойылған
Еліміздің шығысындағы Теректібұлақ ауылынан ет өнімдерін шығаруға шектеу қойылған. Бес ай бұрын елді мекеннен бруцеллез ауруының ошағы анықталған еді. Жалпы облыста былтыр мал арасында бруцеллезбен қатар, құтыру, сібір жарасы сынды түрлі жұқпалы аурулардың 10 ошағы тіркелген. Қазір өңірдегі эпизоотиялық жағдай тұрақты. Мал дәрігерлері тек Теректібұлақ ауылында сауықтыру шарасын жалғастырып жатыр.
Анар Рахманова, облыстық ветеринария басқармасының бас маманы:
-Күршім ауданында іс-шаралар жалғасып жатыр, өйткені 15-20 күн сайын қан алынып, ірі қара малдың қаны алынып күршім аудандық зертханасына әкелініп тексеріледі. Неге жалғасуда өйткені қан серологияларынан оң нәтиже анықталып жатыр, екі рет теріс нәтиже алғанша ветеринариялық іс-шара жалғаса береді.