Екі жылда 80 ауыл картадан жоғалған
Елімізде 2 жылда 80 ауыл жойылды.
Депутат Жигули Дайрабаев биылдың өзінде ауылдан 111 мың адам көшкенін айтады. Бұл – 25 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Мұндай жағдайға жол бермей, ауылдағы ағайынды қолдау үшін қазір 2 бірдей жоба іске асуда. Мәселен, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында биыл 800 ауылдың инфрақұрылымын жақсарту жоспарда бар. Бұл үшін 177 млрд теңге қарастырылған. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсібін өрлетем дегендерге жеңілдетілген несие беріледі. Бұл үшін бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді.
Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
- Ауылдың экономикасына мән бере отырып, «Ауыл аманаты» арқылы шағын кәсіп бастаймын деген азаматтарға кәсіп беріп және ірі экономикалық белсенділігі бар ауылдардан шағын индустриялдық аймақтар жасап, сол жерді сақтау, қайта өңдеу және қаптау бойынша да жұмыстарын бір жерде жасай отырып, яғни өнімді өндіргеннен бастап бүкіл процесті ұйымдастыруға бағдарланып отырмыз.