Тәулік бойы еңбек ететін наубайшылардың еңбегі ерең
Ас атасы – нан. Бірақ күнделікті дастарханымызға келетін ыстық нанның қалай дайындалатынын ескере бермейміз. Әрбір жарты саған сайын 200 градус ыстықта нан пісіріп, тәуілік бойы еңбек ететін наубайшылардың еңбегі ерең.
Пештен жаңа шыққан ыстық нанның иісі қандай десеңізші! Бірақ мұның артында үлкен еңбек тұр. Мына шағын наубайханының наубайшылары күн-түн демей, тынымсыз еңбек етуде. Нанның құрамы, салмағы, тіпті пештің қызуы да стандартқа сай болуы керек. Одан бөлек, таңертең дастарханымызға келетін ыстық нан түнімен пісірілетінін бірі білсе, бірі білмес.
Абылай Басар, наубайшы:
- Біз кезекпен жұмыс істейміз. Біздің жұмыс түнге қарай қызады. Ел ұйықтап жатқан кезде біз керісінше жұмыс істейміз. Сағат 3-4-ке қарай дайын болуы керек. Ыстықтай нан жеткізуіміз керек. Азанда балабақшаларға, мектептерге ыстықтай нан баруы керек.
Бұл кәсіпкер Хасан Шәріповтың наубайханасы. Бір емес, екі дипломы бар маман 90-шы жылдардың дағдарыс кездерінде отбасын асырау үшін нан пісіруді қолға алған.
Хасан Шәріпов, кәсіпкер, ҚХА мүшесі:
- Біріншіден, екі тандыр қойып, екі тандырдан лепешка қылып, ол лепешканы базарға апарып сатқанбыз. Лепешкадан бастағанбыз. Содан кейін мемлекет көмегін беріп, үлкен түркиялық, италиялық техникалар алып, үлкен нан қылуды бастадық. Мен ниетіме жеттім деп ойлаймын.
Алғашында үш адамнан басталған кәсіп бүгінде ел бойынша 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда өзбектің таңдыр нанынан бастап нан өнімдерінің 28-і түрі пісіріледі.
Хасан Шәріпов, кәсіпкер:
- Бүгінгі күнде Астана қаласында 100 адам жұмыс істейді. 40 мың, тәулігіне 35 мыңнан нан қыламын. Дүкендерге, ауруханаларға, балабақшаларға тендер бойынша таратамыз.
Бұл нан өнімдері Мемлекет басшысының да дастарханына қойылған. Кеше ғана ыстық пеште нан пісіріп жүрген кәсіпкер бүгінде елдің қоғамдық өміріне белсене атсалысып, көмегін көрсетіп жүрген азамат. Алдымен нанымды ала барамын. Себебі нан бар жерде береке бар, - дейді ол.
Алуа Маханбет, Аян Сәрсенбаев