Алматыда биыл жол жөндеу жұмыстары ерте басталды
Жолда пайда болған апатты аймақтарды жойып, шұңқырларды бітеу үшін инновациялық асфальт қолданылады. Асфальтбетон зауыты ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеген кезде энергия үнемдейтін қоспалары бар «жылы асфальт» өндіреді. Оны күн салқында төсей беруге болады. Бұл технологияны Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты әзірлеп, республикалық маңызы бар автожолда сынақтан өткізген. Жалпы биыл қалада 35 шақырым жаңа жол салынып, 300 шақырым жолды орташа жөндеу жоспарланған.
Нұрзат Ордабаев, қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы:
-Биыл 20 магистральді көше жөнделеді. Одан бөлек ағымдағы жөндеуді қажет ететін көшелердің тізімі жасалған. Егер жол сапасыз жасалса, ол мердігер мекеменің есебінен қайта қалпына келтіріледі.