Хабар телеарнасы

Қысқы Kaspi Жұма несімен қуантты?

Қазақстандықтар көктемді күтіп, Kaspi Жұмамен бірге наурыз мейрамдарына дайындалуда. Тиімді зат сатып алу мерекесі қалай өтті? 

Kaspi сүйікті клиенттерін қуанту үшін ақпан айында кезекті Kaspi Жұманы өткізді.

Аяулы Таймасова, сатып алушы:

- Мен бүгін өзімнің жаңа пәтеріме шаңсорғыш таңдауға келдім. Маған осы жақтың кеңесшісі Kaspi Жұма жайында айтып, осы мүмкіндікпен қолданып қалдым. Өте ыңғайлы.

Қазақстандық кәсіпкерлер де тиімді сауда мерекесіне алдын ала дайындалды. Нәтижесіне риза.

Қуанышкүл Бахыт, Myrza Brand компаниясы сату бөлімінің басшысы:

- Myrza Brand ұлттық киімдерді ұсынады. Өзімізде Алматы қаласында арнайы цех бар. Сол жақтан ұлттық киімдеріміз Қазақстан бойынша таралады.

Арлен Турлыбай, Sulpak дүкенінің қызметкері:

- Kaspi Жұманы ел толықтай біледі, күтеді. Қазіргі уақытта тоңазытқыш, кіржуғыш машинамен қоса теледидар көп өтіп жатыр. Өйткені олар күнделікті керекті дүниелер. Бұл халыққа қалай керек, дүкенге де солай керек нәрсе. Өйткені халық өз пайдасын көреді. Дүкендер де өз пайдасы, бұл жерде дүкен ғана емес, ол жерде істейтін қызметшілер бар, қызметшілерге де керек дүние.

Туристік агенттіктер де табыстарына дән риза.

Ақбота Болатхан, Travel Expert туристік агенттігінің менеджері:

- Kaspi Жұма кезінде бізде сатылымдар 2 есеге өседі. Kaspi Жұма шарттары біздің туристер үшін тиімді. Кейбір туристер алдын ала келіп, турларды қарап кетеді және де Kaspi кезінде қайтадан келіп, сол туралрды осылай жақсы шарттармен сатып алады. Kaspi Жұма біз секілді шағын орта кәсіпкерліктерге өте тиімді. Яғни ол бизнесті үлкейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, сонымен қатар сатылымдарды жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Kaspi Жұма арқылы зат сатып алу тек тиімді ғана емес, сондай-ақ ыңғайлы. Өйткені  жеткізу тегін.

Мұхит Онбергенов, сатып алушы:

- Мен Kaspi Жұманы жұма күні күттім. Сол жұма күннен бастап тапсырыс бердім.Тапсырысты өте тез алып келді. Жаңағы тапсырыс берген күннен бастап 2 күн болмады, тапсырыс берген заттардың барлығын дерлік алып үлгердім. Рақмет үлкен, Kaspi.

Жеткізу қызметтері барлық сатып алушылар тапсырыстарын уақытында алуы үшін тәулік бойы жұмыс істеді.

Жандос Жеңіс, Aqua logistics компаниясының өкілі:

- Kaspi Жұма өте керемет өтіп жатыр. Әдетте біз 15 тауармен шыққан кезде, ал Kaspi Жұма кезінде 30-35 тауарға дейін көбейеді. Оның көбейгені бізге жақсы, Жұма кезінде айлығымыз да өседі.

Жеткізушіні үйде күтпеу үшін шағын тауарларды постамат арқылы алуға болады. Бүкіл ел аумағында 8 мыңнан астам постамат орнатылған.

Әділет Кенжебай, Irbis Logistics компаниясының өкілі:

- Kaspi Жұма-ның кезінде тауар көп. Кейбір постоматтарға 4-5 рет айналып барады. Уақтылы жеткізіп беруге тырысамыз.

Әлия Өтелбаева, сатып алушы:

- Kaspi Жұма өте ыңғайлы, өте жақсы.

Kaspi Жұманы тиімді зат сатып алу мерекесі деп бекер атамайды. Біреулер заттарын тиімді жаңартып жатса, басқаларға табыс пен бизнесті дамыту мүмкіндігін сыйлады.