Хабар телеарнасы

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Мерекеге орай елордада «Достық бейбітшілік кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Сарапшылардың айтуынша, бір шаңырақ астында 140-қа жуық ұлт пен ұлысты, түрлі діни бірлестіктерді тату-тәтті ұстап отыру оңай емес.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, осы мереке аясында елімізде және шетелде түрлі форматтағы 150-ден астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жиын соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен AMANAT партиясы Астана қалалық филиалы арасында өзара келісім мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мұхаммед Болысбек, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы:  

- Жеңістің 80 жылдығы, ұлы хәкім Абайдың 180 жылдығы. Сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Конституциясына - 30 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясына - 30 жыл. Осы мерейтойлардың аясында кешенді жұмыс істейміз. Яғни ортақ жоспарымыз болады.