Хабар телеарнасы

Еліміз бойынша 466 нысан жекешелендіріледі

Мемлекет меншігін жекешелендіру бойынша арнайы сайт іске қосылды.

Бұл туралы Сенатта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Парақшада осы салада атқарылып жатқан жұмыстардың қорытындысы жарияланып, бизнес тарапынан түскен өтініштер қаралады.

Қазір еліміз бойынша 466 нысанды жекеге беру жоспарлануда. Оның ішінде отын-энергетика, агроөнеркәсіп кешені, көлік, байланыс, денсаулық сақтау, өндіріс салалары бар.

Айта кетейік, әлеуметтік және стратегиялық нысандар жекеге берілмейді. Жалпы бұл бағыттағы жұмыс 2028 жылы аяқталады деп күтілуде.