Хабар телеарнасы

#ҚазақстандаЖасалған байқауының үздік жобалары ұсынылды

Шағын бизнес өкілдерін қолдауға бағытталған «#ҚазақстандаЖасалған» TikTok байқауының үздіктері анықталды. Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеңімпаздарды марапаттады. Олар сабын өндірісінен бастап, қалдықтарды сұрыптауға дейінгі ең қызықты жобаларын желіге салып, көп қаралым жинаған. Үздіктер «Әлеуметтік», «Экологиялық бизнес», «Бір ауыл бір өнім» және «Жастар бизнесі» атты 4 аталым бойынша анықталды. Байқауға 800-ден астам кәсіпкер қатысты.

Нұркия Бекниязова, кәсіпкер:  

- Маңғыстау облысында, Ақтау қаласында бастағанбыз. Себебі бізде бөлек жинақ деген нәрсе болған жоқ. Халық үйренсін деп үйреттік, көрсеттік. Басында видеороликтер шығардық. Одан кейін халық көріп бастаған сң, жиналып бастаған соң бәрі заявка беріп, жылдан жылға біздің контейнерлар қазір 400-дің үстінде тұр. Бұйырса, наурызда тағы 100 қоямыз.