Хабар телеарнасы

Елімізде гидтер мен экскурсия жүргізушілері тапшы

Бұл туралы бүкіләлемдік экскурсоводтар күніне орай ұйымдастырылған форумда айтылды.

Елімізде  300-ден астам гидтер мен экскурсоводтар бар. Бірақ оның тек 100-ге жуығы ресми тіркелген. Сондықтан форумда   гидтер мен экскурсия жүргізушілерін даярлау, оқыту, олардың мәртебесін арттыру мәселелері сөз болды.  Әсіресе қазақ, орыс және ағылшын тілінен бөлек, қытай, жапон, немістілді гидтерге сұраныс көп екені айтылды. Бұл мамандар шетелден келетін қонақтарды қарсы алып, оларға біздің елімізді таныстыратын алтын көпір.  Яғни ел туризмінің дамуына сеп болатын кәсіп иелері. Демек гидтер мен экскурсоводтар туралы жаңа заң жобасын дайындайтын уақыт келді, - дейді сарапшылар. 

Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Оның арасында біз жеке оларға арналған цифрлық платформа жасап жатырмыз. Бір жерде оқып, сол жерде керек ақпаратын тауып, одан кейін өзін гид  деп танитын жеке бейджін алады. Бұл бейджбен олар әрбір туристік объектіге тегін кіре алатын болады. Бұдан басқа заңнамалық тұрғыда олардың статусын бекітіп, бұдан басқа қазір олардың негізгі құқықтарын бекіту бойынша жұмыс жүргізілп жатыр.

Гүлжан Есенбаева, гид аудармашы, экскурсовод:

- Бұл жәй ғана бір мамандық иесі емес. Бұл жүргізуші, аудармашы әрі психолог, әрі тарихшы, этногроф, геолог жан-жақты мамандықты талап ететін кәсіп.