Хабар телеарнасы

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қар барысы көбейіп келеді

Ғалымдар кербез аңның саны 180-ге жуықтады, - деп отыр. Өсімі 1980 жылдардағы көрсеткішке жақындаған. Ол кезде ел аумағын 200 шақтысы мекендепті. Содан кейінгі кездері қатары кеміп, жойылып кету қауіпі төнген. 

Қабылданған шаралар нәтижесінде сирек кездесетін жыртқыштар «Іле Алатауы», «Жоңғар Алатауы» және «Алтын-Емел» ұлттық паркіндегі фототұзақтарға жиі түсе бастады. Цифрлы технологиялар арқылы ілбістердің мекені анықталып, зерттеліп жатыр. 

Алексей Грачев, зоология институтының зертхана меңгерушісі: 

- Елімізде ұлттық табиғи парктер мен қорықтардың көптеп ашылуы барыстың көбеюіне оң әсер етті. Іле және Жоңғар Алатауының қақ ортасы ретінде Алтын-Емел паркі – жыртқыштың өсіп-өнуіне және қорегін табуына қолайлы мекен. Қазір бұл жерде ілбістердің тұрақты бір тобы қалыптасып келеді.