СҚО-да 368 адам сот алдында жауап беруге тиіс
Солтүстік Қазақстан облысына «Еңбек» бағдарламасы бойынша қоныс аударып, қайта көшіп кеткен 368 адам сот алдында жауап беруге тиіс. Олар жалпы көлемі 373 миллион теңге болатын субсидия қаражатын толық қайтаруы керек. Мамандардың айтуынша, кейбір отбасылар алған субсидиясын ерікті түрде өтеуге келісім берген. Бағдарламаға қатысқандарға қойылатын негізгі талап көшіп барған жерінде кем дегенде 5 жыл тұру керек. Жалпы соңғы үш жылда Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстіктен барған 2 мыңға жуық адам қайта оралған.
Гүлғайша Ілиясова, Еңбек мобильділігі орталығының бөлім басшысы:
-Біріншіден, ауа райының қолайсыздығынан өздерінің елдеріне қайтып кетеді. Екіншіден, денсаулық жағдайына байланысты қайтып кетеді. Үшіншіден, тұрақты жұмысқа тұру керек. Кәсіби оқудан өту керек. Сондай шарттарды кейбір көшіп келген қоныс аударушылар бұзғаны үшін олармен шарт бұзылады.