Астанада соғыста шейіт болған қазақстандықтардың ұрпағына «Ерлігі мен борышына адалдығы үшін» медалі табысталды. Бұл марапат ұрыс далаласында және тұтқындар лагерінде қаза тапқан жауынгерлер мен командирлерге арнап шығарылған. Бүгін 9 майдангердің туған-туысы мен ұрпағына табысталды. Ақнұр Қалменқызы әкесі соғысқа аттанғанда 1,5 жаста болған екен.
Ақнұр Қалменқызы, Қалмен Тойышбаевтың қызы:
-Соғысқа 1942 жылы аттанды. Әкем соғысқа барғанда алғашқы кезде хат-хабар келіп тұрыпты. Москваны қорғауда қаза болған екен. Маған әкем тіріліп келіп, медальді өзі тағып жатқандай болып тұр. Артындағы ұрпағы енді білетін болды.