Елімізде су саласының мамандары тапшы
Елімізде су шаруашылығы саласының мамандары тапшы. Сенат депутаттары Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің жұмысымен танысып, білікті кадр даярлауға не кедергі екенін саралауға тарысты.
Оқу ордасы бұрынғы Жамбыл гидромеллеротивтік-құрылыс институтының негізінде былтыр ашылып, 124 грант бөлінген. Мұнда гидротехникалық жобалау, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және су ресурстарын басқару мамандары дайындалады. Алайда білім ордасының оқу корпусы мен материалдық техникалық базасы ескі. Ең жаңа қондырғының өзі 2013 жылы алынған, қалғандарына 50 жыл болыпты.
Ғалия Омарова, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің проректоры:
- Суармалы егіншілік полигоны бізде бар. Оларды сақтап қалғанбыз. Бірақ теория бізде жүргенімен, практика бізде озып кеткен жағдай болып жатыр. Оқу және ғылыми бағыттағы қондырғыларды алу үшін бізге қолдау керек болып отыр.
Ольга Булавкина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында су шаруашылығына қатысты мамандықтарды да қамту қажет. Әлеуметтік пакет пен лайықты қаржы берілетін болса, жастардың да қызығушылығы артар еді. Коммитет отырысында осы мәселелерді талқылап, ұсыныс жасаймыз.