Биыл елде 100 базар жаңғырады

  • 384
  • 25.02.2025, 18:44

Негізі 644  базар бар. Оның 150-ден астамы заманға сай жұмыс істеп тұр. Ал қалғаны енді қолға алынып жатыр.

Батыс Қазақстанда 14 базар жаңарады. Демек өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық талап қатаң сақталады. Жаңарған базарда онлайн төлем жасау мүмкіндігі мен көлік тұрағы болуға шарт. 

Айдар Әбілдабеков,  ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы:

- 2026 жылғы 1-қаңтардан бастап әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жаңғыртуды қамтамасыз етпеген сауда базарларының  иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту жоспарланған. Бірінші кезекте ескертеміз, екінші кезекте айыппұл салатын боламыз.