Жеделсатыда шабуыл жасаған жеткіншекке қатысты дәрігерлер мәлімдеме берді
Бала демекші, жеделсатыда шабуыл жасаған жеткіншекке қатысты дәрігерлер мәлімдеме берді. Олар «жасөспірім психиатриялық орталықта соққыға жығылды» деген ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп отыр.
Ақпанның 23-інде анасы екі санитар дәрігердің балаға қол жұмсағанын айтып, шағымданған. Кезекші дәрігер, медбике, тәртіп сақшыларымен бірге жеткіншектің жағдайын тексерген. «Алайда, денесінде көгеру іздері жоқ, соққы белгілері тіркелмеген», - дейді орталық жетекшісі.
Дей тұрғанмен, қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Бала бөлмеде жалғыз жатыр. Онда бейнебақылау камералары орнатылған. Ішкі аудит бейнебақылау жазбаларын тексеруге кіріскен. Сот-медициналық сараптама жүргізілетін болады.
Алмагүл Айтжанова, Астана қаласының психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары:
- Бір айтып кететін жағдай – ол жаңағы рұқсат бойынша қауіпсіздік шаралары. Сондықтан оны осы ауруханаға жатқызған. Соны ғана айта аламын.