Атыраудағы NCOC отандық өндіріске қолдау көрсетті
Атыраудағы «Солтүстік Каспий» жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» жергілікті «АтырауНефтеМаш» ЖШС-не Америка мұнай институтының 650 монограммасын ресми пайдалануға құқық беретін сертификатын салтанатты түрде табыс етті. Іс-шараға зауыт ұжымы, Атырау облысы әкімдігі мен NCOC компаниясының өкілдері қатысты.
Мұнай-газ өнеркәсібіне арналған жабдықтар жасаушы Қазақстан компаниясы үшін API 650 монограммасын пайдалануға құқық беретін сертификат ерекше маңызға ие. Себебі енді «АтырауНефтеМаш» компаниясын әлемнің 100-ден астам мемлекеті танитын болады. Салтанатты іс-шарада NCOC компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Рую қазақстандық серіктестеріне халықаралық стандарттар бойынша сертификаттаудан өтуге қаржылай қолдау көрсетілгенін айтты.
Ерлан Мұқай, NCOC компаниясы басқарушы директорының орынбасары:
«АтырауНефтеМаш» компаниясы NCOC үшін соңғы 10 жылда жабдықтаушы серіктес ретінде біраз құрылғылар берді. Біздің сенімді жабдықтаушымыз. Бұл Америка мұнай интситутының сертификаты – API 650 монограммасы 100-ден астам мемлекет мойындаған сертификат. Демек «АтырауНефтеМаш компаниясына жаңа мүмкіндіктер ашылады деген сөз.
Соңғы 10-15 жылда NCOC компаниясы қазақстандық жабдықтаушы және қызмет көрсетуші компанияларға 18 млрд АҚШ доллоры көлемінде тапсырыс беріпті. Соның бірі «АтырауНефтеМаш» зауыты бұған дейін Қазақстанның тұңғыш мұнай-газ химиясы кешенінің құрылысына және Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жарақтандыру жобасына қатысқан.
Салтанат Әділова «АтырауНефтеМаш» ЖШС бас директоры:
- NCOC компаниясы әрқашанда осы жергілікті өндірушілерді қолдап, осындай бағдарламаларға біздерді шақырып, ақысыз түрде өткізіп, көмектесіп, осындай жетістікке жеткізді. Сол үшін алғысымыз шексіз. NCOC компаниясымен біздің «АтырауНефтеМмаш» зауыты 2018 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр.
Бүгінгі күні NCOC компаниясының отандық өндірісті қолдау көрсеткіші 62%-ке жетті.
Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин