Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды
Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті хабарлады. Тергеу барысында 40 сот сараптамасы тағайындалып, 200 куәгерден жауап алынды. Сегіз бейнематериал зерттелді. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады. Оның ішінде жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар. «Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді. Тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді», – деді өңірлік полиция департаментіндегілер.
Мәлік Қабдуалиев, облыстық ПД бастығының орынбасары:
-Өткен жылдың 4 қазанына қараған түні кәмелекте толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды. Тараптар қылмыстық іспен толық танысты. Іс сотқа жіберу үшін прокуратураға жолданды. Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды.