Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болуы мүмкін
Бұл жекелеген салаларға қатысты. Ал жалпы алғанда ол қазіргі 12% 16%-ға дейін өседі. Мәжілісте Ұлттық Экономика вице-министрі Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді депутаттар мен сарапшылардың назарына ұсынды. Оған сәйкес базалық ставка 16% мөлшерінде белгіленсе, агроөнеркәсіп кешеніндегілерге нөлдік ставка, яғни қосылған құн салығынан мүлде босату ұсынылып отыр. Бірақ ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне өз еркімен қосылған құн салығын төлеу үшін есепке тұру құқығы берілмек. Бұдан бөлек түзетулерде 10% аралық ставка қарастырылып отыр. Ол денсаулық сақтау бағытталған. Дегенмен Үкімет бизнес өкілдері, Парламент және сарапшылармен осы жеңілдетілген 10% ставкаға басқа да салаларды енгізу мәселесін талқылауға дайын.
Еркін Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Денсаулық саласы бар. Азық-түлік, басқа да әлеуметтік маңызды салаларда бүгінгі 12 пайыздан 10 пайызға дейін азайту мүмкін деп. Ол мәселе болашақта қаралады. Онда біз әлеуметтік маңызды бағалардың өспеуіне бір сондай қадам жасай аламыз деп айта аламын.