Хабар телеарнасы

«AMANAT» ең үздік бастауыш партия ұйымын анықтады

Қоғамдық қабылдау бөлмелері ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындарында көшпелі форматта жұмыс істеу керек. Бұл тұрғындарды толғандырған мәселелерді жедел, әрі сол жерде шешуге мүмкіндік береді. AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов осындай ұсыныс білдірді. Әрі ол Алғыс айту күні және Партия күні қарсаңында ең үздік бастауыш партия ұйымы мен үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі байқауының жеңімпаздарын құттықтады. Іс-шараға бейнебайланыс арқылы еліміздің барлық аймағындағы 3700 бастауыш партия ұйымы мен 225 қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар AMANAT партиясының төрағасы түрлі салада еңбек етіп жүрген еліміздің 16 белсенді азаматына партия билетін табыстады.

Ерлан Қошанов, AMANAT партиясының төрағасы:  

-Біз жұмыс тәсілін түбегейлі өзгерттік. Соның нәтижесінде халықтың тарапынан да үлкен сенім мен қолдауды өздеріңіз көріп отырсыздар. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесіне сәйкес, партия көтеріп жүрген өзекті мәселелердің басым көпшілігі халықтың қолдауы мен сенімінен шығып отыр. Мемлекет басшысы өзінің жолдауы мен сөздерінде партияның айрықша рөлін атап өтеді.