Шемонаихада халықаралық көліктік-логистикасын байланыстыратын көпір салынады
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында халықаралық көліктік-логистикасын байланыстыратын көпір салынады. Өткелдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. «Жаңа көпір Қазақстан, Қытай, Ресей елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді» - дейді сарапшылар. Ал қолданыстағы ескі өткелде үнемі көлік кептелісі болады. Жоба құны – 8 млрд теңге. Инженерлердің айтуынша, бұл көпірмен тәулігіне 3 мың көлік қатынай алады.
Нұржан Жұмаділов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
-Енді мемлекеттік сараптама шамамен 45 жұмыс күні ішінде қарастырылатын болады. Бұл енді маусым айының ортасына таман жоба аяқталып егер мемлекеттік сараптама алатын болсақ, біз автомобиль жолдары комитетіне ұсыным беретін боламыз.