Еңбек шартын жасасу рәсімі электрондық форматқа ауысады
Бұл еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етпек. Ол жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді. Өткен жылы еңбек шартынсыз 200-ден астам жұмыс фактісі анықталып, 3,7 млрд теңге сомасына жалақы бойынша берешек өндірілді. Бүгінде еңбек шартынсыз жұмыс істейтіндер көп. Сол себепті кірістерді жасыру, еңбекақы төлеу бойынша берешек мәселелері өзекті болып отыр. Сондықтан FSM мобильді қосымшасы іске қосылмақ. Бұл қосымша өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеудің жеделдігі мен ашықтығын да қамтамасыз етеді. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мен өндірістік жарақаттануды жасыру фактілерін болдырмау үшін арнайы датчиктер басқа да заманауи технологиялар арқылы ерте хабарлау жүйесі енгізілмек.