Жамбыл облысында қуаты 3 миллион тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады. Оны жүзеге асыру үшін Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық Фуцзянь Хенван Инвестмент компаниясының басшылығымен кездесіп, жоба барысын талқылады. Нысан Жамбыл өңіріндегі «Жібек жолы» арнайы экономикалық аумағында бой көтереді. Нәтижесінде 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Өндіріске қазақстандық шикізат қолданылады. Сөйтіп кәсіпорында арматура мен жолақты және профильді болат өнімдерін шығару көзделіп отыр. Қытайлық инвестор жалпы жоба құнын 1,2 миллиард долларға бағалады.