Павлодарда компьютерлік клубтар тексерілді
Павлодарда компьютерлік клубтар мен ойын-сауық орындары тексерілді.
«Қауіпсіз қала» жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шараға «AMANAT» партиясының белсенділері мен полиция қызметкерлері қатысты. Басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Бұл жолы рейд тек түсіндіру жұмыстарымен шектелді. Ұйымдастырушылар жасөспірімдермен кездесіп, мекеме басшыларына олардың жауапкершігі туралы ескертті.
Рада Прохорова, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор:
- Жасөспірімдер құқығы бұзылған жағдайда мекеме басшысы немесе әкімшісі ҚР Әкімшілік Кодексінің 132-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.