Алматыдағы Даңқ мемориалы жаңартылады
Алматыдағы 28 гвардиашы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалы жаңартылады. 1975 жылы салынған ескерткіштің гранит жабындысы тозған. Жарық түсіп, тақта астындағы бетон үгіле бастаған. Оған жауын-шашын, қар, аптап ыстық әсер еткен.
Әкімдік өкілдерінің айтуынша, скейтбордшылар, самокатшылар мен велосипедшілер де бүлдірген. Арнайы комиссияның тексерісінен кейін қалпына келтіру жұмысы басталды. Нысанды жөндеп, айналасын абаттандыру үшін қалалық бюджеттен 120 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары cәуір айында аяқталады. 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ тарихи-сәулет және мемориалдық кешен саналады. Соңғы рет жөндеу жұмыстары 20 жыл бұрын жасалыпты.
Айдос Нұрлыбаев, Медеу ауданы әкімінің орынбасары:
- Плиталардың сынған жерлерін жаңағы қажап, орнына келтіріп, жетпей қалған жағдайда, сондай өзі тура сол қалпында плиталар қосымша жаңа плита әкеп қойылады. Бірақ біз 100% мына жерде тарихи келбеті сақталады деп айта аламыз.