Хабар телеарнасы

Алғыс айту күніне орай елордада ерекше акция өтті

Көктемнің алғашқы күніне белгіленуі бекер емес. Себебі осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің негізі қаланды. Соңғы 9 жылда қазақстандықтардың бір-біріне деген алғысын білдіретін, мейірімділік пен сыйластықты дәріптейтін айтулы күнге айналды. 

Елордада ерекше акция өтті. Жыл бойы жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаған жүргізушілерге тәртіп сақшылары алғысын жеткізді. Тұрғындар да бір-біріне ризашылық сөздерін айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

Блиц-сауалнама:

- Мен алғысымды алдымен ата-анама айтқым келеді. Мені жарық дүниеге әкелгені үшін рақмет. Туған-туыстарыма, барлық достарыма, таныстарыма алғыс айтқым келеді.

- Мен анама, әкеме, ұлыма, әріптестеріме алғыс айтамын.

- Динара Аханова менің бастауыштағы ұстазым. Үлкен алғыс айтамын. Қазіргі сабақ беріп жатқан ұстаздарыма да рақмет.

- Сәлем, Қазақстан! Қазақ халқына рақмет. Қонақжайлығы мен әдемі ғимараттар, қызықты сапар үшін алғыс айтамын.