Сондай-ақ облыстық перинаталдық орталық пен балалар ауруханасына жаңа ғимарат қажет,-дейді өңірдегі медициналық нысандарды аралап көрген Мәжіліс депутаттары.
Халық қалаулары мен министрлік өкілдері қатысқан көшпелі отырыста ана мен бала өлімін азайту, ерте жүктілікті болдырмау, өңірге білікті мамандарды тарту мәселелері талқыланды. Жалпы облыста жаңа туған нәресте өлімі азайған. Дегенмен көрсеткіштерді әлі жақсарту маңызды.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Атырау облысында біз үш инфрақұрылымдық объектілерге бардық. Ол жерлердің нақты мәселелері – бұлар қазіргі типтік объектілер болып саналмайды. Жаңадан үлкен объект қажет болады. Алдағы республикалық бюджеттің қаралуында біз осы мәселені арнайы ұсынатын боламыз.