Хабар телеарнасы

Наурыз айындағы мерекелер қарсаңында қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады

Наурыз айындағы мерекелер қарсаңында елімізде қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Айтуларынша, Air Astana әуе компаниясы 55 жаңа рейс, SCAT 32 рейс, ал FlyArystan 33 рейс бекітті. Атап өтері ішкі және халықаралық бағыттар бойынша билет құны өспейді. Сонымен қатар Qazaq Air әуе компаниясы да ішкі рейстер санын арттыруды жоспарлап отыр. Оған қоса, 30 наурыздан бастап Алматы - Нячанг, Астана - Нячанг және Алматы - Гуанчжоу бағыттарында әуе қатынасы ашылады. Сәуірдің соңынан Алматыдан Мумбайға ұшақ аптасына үш рет қатынайды. Ал маусым айында Астана - Франкфурт бағыты бойынша жаңа рейс қосылады.