Семейде қатарластары аяусыз соққыға жыққан оқушыға қазақстандықтар пәтер сыйлады. Үш күн ішінде 32 млн теңгеден астам қаражат жиналған. Қайырымды жандар зәбір көрген балаға қаланың қақ ортасынан төрт бөлмелі баспана сатып алды. Семей блогерлері мен белсенділері, әлеуметтік желі қолданушыларына оқушының әпкесінің банк картасына қаражат жинауды ұсынған еді. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрған 6-сынып оқушысы отбасымен жаңа үйге көшуді жоспарлап отыр.