Алғаш рет Үндістаннан Қазақстанға жүк пойызы жолға шықты
Үндістаннан біздің елге алғаш рет контейнерлік жүк пойызы жолға шықты. Мундра станциясынан бағыт алған эшелон Иран, Түрікменстан, Өзбекстан арқылы Астанаға келеді.
12 контейнер тиеген жүк пойызы 5 885 шақырымды жүріп өтпек. Оның 4 300 шақырымы құрлық, 1 585 шақырымы теңіз жолы. Жоба Өзбекстанның Узтемир-йул-контейнер компаниясының қолдауымен жүзеге асады.
Жалпы Үндістан Орталық Азияны Пәкістанға қарсы экономикалық қорған ретінде көреді. Көрші елдер Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше болғанымен, бірде тату, бірде араз. Оған себеп даулы территориялары бар. Сондықтан аталған дәліздің ресми Нью-Дели үшін экономикалық маңызы зор.