Арал-Тоқабай-Абай магистралі жыл аяғына дейін іске қосылмақ
Қайтқан қаржыда қайыр бар. Қызылорда облысында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтау мәселесі қайтарылған активтер есебінен шешілетін болды. Арал ауданындағы су жүйесін жаңғыртуға арнаулы мемлекеттік қордан 4,2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде 2021 жылы құрылысы басталған, оны аяқтауға 3,7 млрд теңге жетпей тұрған Арал-Тоқабай-Абай магистралі жыл аяғына дейін іске қосылмақ. Сондай-ақ Арал Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Қосман-Ақбасты магистралі тармағының құрылысы да аяқталуға жақын. Бұл бағытта 1,8 млрд теңге игерілсе, тағы жарты млрд теңге арнаулы мемлекеттік қордан бөлініп отыр.
Бақыт Жақанов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары:
-Қазіргі таңда 23 елді мекенде 6 мың халқы бар елді мекеннің ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін 2025 жылдың аяғына шейін толық шешу қажетпіз. 11 елдімекен бойынша осы жылдың аяғына дейін толыққанды ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуі қажет. Осы 11 елдімекеннің ішінде 5 елдімекен ол Арал ауданындағы елдімекендер. Оларды деген топтық су құбырына қосу қажет болатын болса, Қазалыдағы 4 елдімекен, ол деген жаңағы ішкі жүйелерді жүргізіу мәселесі қарастырылуда.