«Орталық Азия + Жапония: қазіргі үдерістері мен келешегі» атты сарапшылардың отырысы өтті
Орталық Азия мен Жапонияның ынтымақтаса жұмыс істейтін уақыты келді. Бүгін Астанада «Орталық Азия + Жапония: қазіргі үдерістері мен келешегі» тақырыбында сарапшылардың алғашқы отырысы өтті. Әр елдің белді мамандары қатысқан алаңда екіжақты ынтымақтастық, өзара аймақтық іс-қимыл және сыртқы саясат мәселелері сөз болды. Қазақстандық сарапшылар, технологиясы озық Жапон елінің тәжірибесін зерттеп, көрші елдер арасында жоғары жылдамдықты теміржол тасымалы шешімдерін қарастыруды ұсынды. Ал күншығыс елінен келген қонақтар қазіргі әлемдік геосаяси ахуал күрделеніп тұрған сәтте орта державалардың бірлесуінің маңызын атап өтті.
Томохико Уяма, Хоккайдо университетінің профессоры (Жапония):
-Бұл кездесу зерттеу орталықтарының сарапшылары үшін таптырмас алаң. Әсіресе дипломатия мәселесіне назар аударғым келеді. Екіжақты қарым-қатынас туралы айтар болсақ: білім, инфроқұрылым, адами капитал, климаттық өзгерістерге байланысты бірнеше шешімдерді ортақ қарастыруға болады.