Алматыда түзеу колониясының бұрынғы басшысы ұсталды
Алматыда түзеу колониясының бұрынғы басшысы ұсталды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әділет полковнигі Әкімбай Бекзат Балтабайұлын сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұстаған. Ол №13 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің басшысы қызметін атқарған. Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, аталған адам ұсталған сәтте ішкі істер органдарының қызметкері болмаған. «Оған қатысты құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқықбұзушылыққа төзбеу саясатын ұстанады және тергеу жүргізіп жатқан органдарға жан-жақты көмек көрсетеді»,- деп жауап берді комитеттің баспасөз қызметі.