Аграрлық сала жаңғырады
Қазақстан тұқым сұрыптарын асылдандыру мен тозған жерлерді құнарландыруды жаһандық Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымымен бірлесе атқармақ. Бұл серіктестік егіс өнімділігін арттырып, қамбаны астыққа толтыруға керек. Бүгін елордада мүдделі тараптар бас қосып, жемісті жобаларды талқылады. Аталған бірлестік пен ауыл шаруашылығы министрлігі арасында 2018 жылы негіздемелік келісім рәсімделген. Әріптестік бағдарлама 10 жылға жоспарланды. Былтыр Қазақстан 2 млн долларға жуық алғашқы жарнасын аударды. Енді тұқым мен жер игеруге қатысты қос стратегиялық жобаны жүргізу міндеті шетелдік ұйымның мойнында. Қазір олар елімізде 55 түрлі жобаны іске асырып жатыр.
Ермек Кенжеханұлы, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
-Іс-шараның аясында қосымша қандай жобалар қажет етеді, соны тиісті қоғам өкілдері, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және тиісті депутаттармен бірлесіп, ақылдасуға жиналып отырмыз. Іс-шараның қорытындысы бойынша қосымша қандай бағытты дамытуымыз керек, қосымша қандай бағытта халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық арттыру қажет деген шешімге келетін боламыз.