Хабар телеарнасы

СҚО-да 1300 шақырымға жуық жол жөнделеді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 1300 шақырымға жуық жол жөнделеді. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 83 млрд теңге бөлінді. Қала және ауыл іші жолдарына басымдық беріледі. Мәселен, Петропавлдағы 42 көшеге асфальт төселеді. Облыс орталығын Жезқазғанмен байланыстыратын бағыт қалпына келеді. Биылдан бастап мемлекеттік сатып алу шарттарына өзгеріс енгізілген. Енді байқауға техникасы талапқа сай келетін компания ғана қатыса алады. 

Ерден Шортыбаев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Биыл республикалық жолдар бойынша ауқымды жобалар жүзеге асыралады. Атап айтқанда: Дәуіт ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі, Петропавлдан Ақмола облысына дейінгі аралық және Жезқазған мен Қостанай бағытындағы жолдар жөнделеді.