Хабар телеарнасы

Атырау іргесіндегі елді мекенге 90 шақырым кәріз құбыры тартылады

Жеке сектордағы тұрғын үйлер енді орталық кәріз жүйесіне қосылады. 3 кезеңді қамтитын жоба тұрғындардың өтініші бойынша қолға алынған. Соңғы жылдары шағын аудандарда көктем-күз айларында аулаларды су басып, жерасты сулары жиі көтеріліп кететін. Салдарынан бау-бақша мен жеміс ағаштары қурап қалатын. Осы мәселені шешу үшін әуелі 4 елдімекен орталық кәріз жүйесіне қосылады. Биыл құны 7 млрд 600 млн теңге болатын 2 жоба жүзеге асты. 

Нұрболат Бөлеков, «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы:

-Қазіргі таңда Жұлдыз-1, Жұлдыз-2 ықшам аудандарынан 65 шақырым шығып тұр, кәріз жүйесінің құны 5,9 млрд. Геолог пен Мирастың жаңағы бөлігіне қатысты ол жерге 1,7 млрд теңге, жобаның құны. Ол жерде 25,5 шақырым құбырлық линия шығып тұр. Мемлекеттік сатып алу конкурсының құжаттары рәсімделіп жатыр, қаражаты қарастырылып тұр.