Тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып жұмыс істеген ұйым 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге алған. Есесіне, ай сайын 30%-ке дейін табыс уәде еткен. Нәтижесінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 4 млрд-қа жуық теңгені заңсыз иеленген.
Ұйымдастырушылар салымшыларды Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы мен тұрмыстық және медициналық техника зауыты, тіпті автосалондары бар деп алдап келген. Шын мәнінде дайын өнімдерді тек өз логотиптерімен таңбалап отырған. Халық күдіктене бастағанда Asar Baspana сайтын техникалық режимге ауыстырған.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Сонымен қатар Ақтау қаласында Туғанбаев Н-ның бауырының үйінен кооперативтің есепшоттарында болуы тиіс 945 млн теңге қолма-қол ақша табылды. 1,2 млрд теңгеден астам сомаға шоттар бұғатталып, тыйым салынды. 2025 жылғы 11 ақпанда Туғанбаев Н мен Байтасов Н-ға қатысты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.