Хабар телеарнасы

Елордада «Жұмысшы мамандықтар» көрмесі өтті

Мектеп оқушыларына 7 колледждің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі таныстырылды. Ал студенттер шаштараз, тігін, киімдерді үлгілеу, дизайн және флористика мамандықтары бойынша шығармашылық жұмыстарын көрсетті. Мұндай шаралар жастардың болашақ кәсібін дұрыс таңдауына ықпалын тигізеді.

Жалпы елордада 35 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесі бар. Республика бойынша олардың саны - 772. Жалпы колледждерде 542 мың оқушы білім алып жатыр.

Кенжебек Тоқан, халықаралық деңгейдегі стилист:

- Жан-жақты боламыз ғой. Өнер саласында, шаш саласында. Одан бөлек, декоративті косметика. Ол макияж. Ол күрделі жұмыстар. Үшінші курсқа қадам басқанда олар жұмыс істей бастайды. Ал біз шашпен тікелей жұмыс істеуіміз керек. Концерт дейміз, выездной дейміз, соған бейімделген қазір қыздарым. Театрда өте көп. Біз сақал-мұрт жабыстырып үйретеміз.