Шығыс Қазақстан облысының тағы екі ауданында жұмыс кестесі бір сағат кейін шегерілді.
Бүгіннен бастап Алтай мен Ұлан ауданының тұрғындары таңғы 8-де жұмысқа барды. Түскі ас ішу уақыты 12-ден 13:30-ға дейін жалғасады. Ал жұмыс күні 17:30-да аяқталады. Бастама 5 қаңтардан бастап пилоттық жоба ретінде Қатон-Қарағай ауданында жүзеге аса бастады. Дәл осындай өзгеріс ақпан айында Үлкен Нарын мен Марқакөлде, 5-ші наурызда Тарбағатай, Күршім, Самар ауданында енгізілді. «Бұл шешім күннің жарығын тиімді пайдалануға оң әсер етеді», - дейді жергілікті тұрғындар.
Мейрамбек Қаменжанов, Ақжар ауылының тұрғыны:
- Бұрынғы мынау ауыспай тұрған сағат бойынша есептесек, біз тападай тал түсте жұмысқа келіп жатқандай болушы едік. Мынау енді таңертең 8-ге бірінші рет келіп тұрмыз. Өте жақсы. Мынау қазақта «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген керемет мақал бар ғой. Мынау жаздыгүні осындай уақытпен жұмыс жасаған өте дұрыс деп ойлаймын.