Хабар телеарнасы

Ақмола облысында зорлық-зомбылық өршіп тұр

Ақмола облысында жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 17 адам зәбір көрген. Отбасының берекесін қашырған 7 адам қамауға алынып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал 10 адам жәбірленушіден кешірім алып, ескертумен құтылды. Жалпы өңірде әйеліне әлімжеттік көрсету дерегі өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көбейген. Аймақта отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімше құрылды. Бұл құрылым зәбір көрген жанның мүддесін қорғайды.

Динара Мұғжанова, облыстық ПД бөлім бастығының міндетін атқарушы:

- Бөлімшенің басты ерекшелігі оның отбасылық-тұрмыстық зорлық -зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жинақталған жүйелі проблеммаларды жоюға бағытталуы болып табылады. Жұмыстың негізі бағыты отбасындағы зорлық-зомбылық тәуекелдерін анықтау мен бақылаудың жаңа алгоритмінің әзірлеу. Ақмола облысы аумағында 9 дағдарыс ортылығы ұмыс істейді.