Жетісу облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 60 шақты емдеу мекемесі салынады. Оның 9-ы Алакөл ауданында бой көтереді.
Галина Сержантова Ақжар ауылындағы фельдшерлік акушерлік пунктте 40 жыл бойы қызмет етіп келеді. Сала ардагері тар әрі ескірген ғимараттан жаңасына көшетін күнді тағатсыздана тосып жүр.
Галина Сержантова, Ақжар ауылдық ФАП жетекшісі:
- Жаңа медициналық пунктте әйелдерге жеке кабинет қарастырылған. Ем-дом жасайтын бөлме де бөлек болады. Ең бастысы, тұрғындарға да мейірбикелерге де қолайлы жағдай жасалады.
Көлбай ауылындағы медицина қызметкерлерінің де көмір жағып, күл шығару машақатынан құтылатын күні алыс емес. 20 жыл бойы жер үйді дәрігерлік амбулатория ретінде пайдаланған ұжымға жаңа ғимарат салынып жатыр.
Ержан Шәкеров, Көлбай ауылдық округінің әкімі:
- Былтыр 24 те басталған, биыл аяқталады. Ауыспалы. Жұмыстары өзі уақытымен жүріп жатыр. Осы ғимарат біткен кезде көптен күткен күрделі мәселе шешімін табады. Көлбай ауылдық округі төрт елді мекеннен тұрады. 2800-ге жуық халық саны бар. Соның бәрі осы жерге келіп емделеді бұйырса.
Ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін 59 медициналық нысан салу жоспарларған.
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Жетісу облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасымен 15 медициналық фельдшерлік пункт және ауылдық амбулатория салынды. Денсаулық сақтау басқармасындағылар тағы 18 нысан сәуір айының соңына дейін пайдалануға беріледі,- деп отыр.
Қалған 26 емдеу мекемесі мемлекеттік резервтен аударылатын қаражат есебінен салынады.
Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев