Соңғы басылымына сирек кездесетін жан-жануардың 11 түрі кірді. Ал 19-ы көбейгендіктен тізімнен шығарылды. Ерекше қорғауға алынғандардың қатарында жәндік, құс және сүтқоректілер бар.
Алғашқы нұсқасы 1978 жылы шыққан. Содан кейін 3 рет жаңарды. Бесінші басылым араға 16 жыл салып әзірленіп жатыр. Ғалымдардың айтуынша, елде сирек кездесетін және жоғалу қаупі төнген жануар түрінің тізімі қайта жасалады. Ерекше қорғалатын аңның бірі – қар барысы. Олардың саны 200-ге жуықтады. Бұл Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш. Оларды зерттеу үшін 11 қар барысына қарғыбау тағылды.
Роман Ященко, ҚР Зоология институтының бас ғылыми қызметкері:
- Ғалымдардың айтуынша, 1980-жылдардың басында барыстың саны шамамен 180-200 болды. Алайда 90-шы жылдары 80-100-ге дейін азайып кетті. Әрине оған әртүрлі жағдай әсер етті. Бірақ соңғы 30 жылда барысты қорғау бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көбейіп келеді. Қазір шамамен 180-ге жетті. Мамандар жабайы табиғатта аңдардың жүріс-тұрысын зерттеп, бақылау мақсатында фототұзақтар мен спутниктік телеметрияны пайдаланады.