Хабар

ШҚО-да екі әуежай салынады

Биыл Шығыс Қазақстан облысында екі әуежай салынып, пайдалануға беріледі. Бірі - табиғаты ерекше Қатонқарағайда, екіншісі - қойнауы сырға толы Зайсан ауданында бой көтереді. Көптен күткен нысан құрылысы 1,5 айдан соң басталады. Қос әуежайды да «ҚазАэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны тұрғызады. Жобаға 50 миллиард теңге бөлінеді. Ұшу-қону жолағының ұзындығы 2 мың 200 метр. Әуе айлағы сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсетеді деп жоспарланған. 

Қуаныш Әкрамов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

-Жалпы биыл жылдың аяғында әуежайды іске қосу жоспарлануда. Жалпы әуежайдың құрылысы аяқталғаннан кейін ол тек ішкі емес, сонымен қатар халықаралық әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарлануда.