Хабар

Биыл Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

Биыл Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл. Бүгін елордадағы арнайы көрмеде халық батырының 1945 жылы соғыста сызған картасы мен өзі жазған күнделігі қойылды. Сонымен қатар батырдың қолынан түспеген қолжазбасы, тұрмыстық заттары, көптеген суреті мен қаһарманның ерлігі туралы жазылған 32 томдық туынды да көпшіліктің назарына ұсынылды. Жиынға Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің мүшелері, жас ұландар, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Жазушылар, батырдың соғыста жасаған ерліктері мен өткір туындыларымен таныстырды. 

Гүлсім Бейсенова, Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының жетекшісі:

-Көрменің басты мақсаты Бауыржан Момышұлының батыр, қаһарман қолбасшы ретінде ғана емес, қазақ әдебиетінің қосқан үлкен үлесін көрсеткіміз келеді. Өйткені ол қан майданда жүріп, оқиғаларға куәгер бола отырып, оны ақ қағазға түсіріп, көптеген мемуарлық еңбектер жазған.