Бүгін Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты алаңында ел болашағы мен сын-қатерді алдын алу мәселелері талқыланды. Жетекші ғалымдар түрлі сала өкілдері қатысқан іс-шара ашық пікірталас форматында өтті. Диалог барысында зерттеуге негіз болатын ұсыныс мен ескерту айтылды. Институт директоры Еркін Тұқымовтың «Қазақстанның болашағы: мүмкіндіктердің «тар дәлізі» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Ол өз еңбегінде климаттың өзгеруі, технологиялық революциялар мен пандемия қаупін талдап, жаңа мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін стратегиялық шешімнің қажет ететінін айтады.
Талғат Қалиев, саясаттанушы:
- Әр қоғамға, әр мемлекетке бір болашақ келбеті керек, стратегия керек. Сондықтан мұндай кітаптар өте маңызды. Өйткені мұнда біз осы жағдайға қалай келгеніміз, қандай проблемалар бар соның бәрі анық айтылған.