Екібастұз қаласының жас таланттары «Самғау» орталығында өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамыта алады. Президент тапсырмасымен ашылған нысан 9 мың жас талантты қабылдауға арналған. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балаларға да жағдай жасалған. Орталықта түрлі шеберлік сабақтары мен шығармашылық дәрістер өткізетін 50-ден астам білікті педагог жұмыс істейді. Балалар хореографиямен, театр өнерімен, вокал және робототехникамен айналыса алады. Психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеттері, үстел теннисі аймақтары мен жаттығу залы да бар.
Ришат Әмренов, еңбек ардагері:
-Менің немерелерім қатысып жатыр. Өте қуаныштымыз. Балалар да барамыз деп ұмтылады да тұрады. Балаларға осындай жағдай жасалғанына біз өте қуаныштымыз.