Қазақстандықтардың 85 пайызының этносаралық қарым-қатынастарға көңілі толады. Республика бойынша 2 мыңнан астам респондент қатысқан сауалнама нәтижесі осындай. Мамандардың сөзінше, бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының жемісі. Биыл оның құрылғанына 30 жыл. Осыған орай, Астанадағы Достық үйінде ұйым Кеңесінің отырысы өтті. Жиынға қатысушылар елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтаудағы Ассамблеяның рөлін талқылап, алдағы жұмыс жоспарын ортаға салды.
Айгүл Сәдуақасова, ҚХА ғылыми сараптама кеңесінің төрағасы, қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары:
- Ассамблеяның негізгі қызметі және нәтижесі қазіргі таңда осы жүзден астам этникалық топтар және бәрі де ҚР азаматы ретінде тең құқылы және өздерінің де жауапкершілігін сезінеді деп айта аламыз. Сондықтан Ассамблеяның мақсаты да, маңызы да - біздің қоғамдық келісіміді сақтау.