Кешенде бочча, баскетбол, арбамен ойнайтын футбол, голбол, отырып ойнайтын волейбол және тағы басқа спорт түрлеріне арналған залдар қарастырылған. Осы арқылы спортшыларымыздың халықаралық жарыстарға жоғары деңгейде дайындалуына мүмкіндік артады.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, спорт орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Жоспар бойынша ауданы 3 мың 300 шаршы метрлік нысан биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Ссенатының төрағасы:
- Инклюзивті қоғам дегеніміз — әрбір Қазақстан азаматы үшін тең мүмкіндік қалыптастыру. Әрбір Қазақстан азаматы үшін өзінің әлеуетін жүзеге асыруға керекті мүмкіндіктерді қалыптастыру. Осы бағытта елімізде көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда. Соның аясында осы орталықтың іргетасын қалап жатырмыз.