1 ақпаннан бері су қоймаларына 1,7 млрд текше метр су жиналды

  • 153
  • 31.03.2025, 18:39

1 ақпаннан бері елдегі су қоймаларына 1,7 млрд текше метр тасқын су жиналды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады. Оның айтуныша, солтүстіктегі, шығыстағы және оңтүстіктегі су қоймаларында су деңгейі 80%-тен асқан. Орталықта 79, ал батыста 59%-ке толыпты.

Жиналған тасқын су өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне, сондай-ақ өзен-көлдер мен жергілікті экожүйені сақтауға пайдаланылады. Жалпы елде 405 су қоймасы бар. Былтырғыдай тасқынды болдырмау үшін ведомство 10 өңірде қосымша 42 су қоймасын салуды жоспарлап отыр.

Мөлдір Әбдуалиева, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі: 

- Минситрдің тапсырмасы бойынша БҚО көлдер жүейсіне тасқын су жіберіле бастады. Атап айтқанда, облыстағы «Қазсушар» филиалы Пятемар су қоймасынан Көшім өзенінің төменгі ағысында орналасқан көлдерге су жіберуде. Қалған өңірлер әзірге су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.